Ministries

«Аса қызығушылық» аумағы

Написал (ла) , 0 , Категории:


Орталық Азияның болашағы – жақында өткен Қазақстан – Ресей IQ-Клубы отырысының күн тәртібін анықтаған тақырыпқа айналды. Бұл мәселе 2016 ж. 30 қарашасында Астанада өткен «Еуразия үшін шынайы саясаткер: қатерлер мен болжамждар» атты эксперттік отырыста талқыланды. Екі апта уақыт өткеннен кейін бұл мәселе Мәскеуде өткен 25 жылдық жолдың және өзекті геосаяси трендтерді есепке ала отырып аймақтың даму сценарийінің қорытындылары жасалынған кездесуде брейншторминг форматында зерттелді. Талқылаудың қорытындысын түйіндеуді біз Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің деканы Жолдасбекова Ақбота Ниязовнаға ұсындық.

 

 - Акбота Ниязовна Орталық Азиядағы жағдайдың дамуын болжау Ресей және Қазақстан сияқты эксперттік қауымдастықпен зерттелетін тақырыптардың ең маңыздысы ретінде жай тұрған жоқ. Қызықты, қарқын және тым әркелкі дамып жатқан аймақ қазіргі таңда әлемдік геосаясаттың алдыңғы қатарлы ойыншыларының мүдделерінің тартылу орталығы сияқты болып отыр. Алайда, бұл секілді жағдайдың да қауіптері бар екендігі мәлім. Солардың ішінде, сіздің ойыңызша қайсыларын ең шынайы және маңыздыларына жатқызуға болады.

 

- Орталық Азиядағы жағдайға әсер етуші қауіптердің иерархиясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: 

Біріншісі – сыртқы қауіптер: терроризм, экстремизм, ислам радикализмі. Бұл ретте әлеуметтік-экономикалық және діни-этникалық жағынан әлсіз Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтары, Қырғызстанның оңтүстігі, Ферғана алқабын ең осал территорияларға жатқызуға болады.

2015 ж. қыркүйегіне дейінгі уақытқа дейін Орталық Азия елдерінің 2,6 мыңнан астам азаматтары ИГИЛ (Қазақстан және Ресейде тыйым салынған халықаралық террористік ұйым) сарбаздарының қатарында соғысқандықтары ешкімге құпия емес. Сондықтан менің пікірімше, ИГИЛ тарапынан аймаққа келетін басты қауіп, ол шетелдік лагерлерден жару дайындығынан өткен азаматтардың қайта оралып террористік актілер жасауы болып табылады. Бұған Қазақстандағы 2016 ж. көктемінде орын алған террористік актіге жатқызуға болатын оқиғаны айтуға болады (Ақтөбедегі оқиға, Балхаштағы өзін-өзі жару). Республиканың арнайы қызметтері екі жағдайларда да «шетелдік іздің» бар екендігін растайды.

Орталық Азия үшін қауіптердің бірі бақылаусыз миграция қауіпін атауға болады. Егер Германия мен Ауғаныстан қашқындарды қайтару мәселесі бойынша келіссөздерді табысты аяқтайтын болса, нәтижесінде ОАА елдеріне АИР қашқындарының толқынына қызығушылық аймағына айналды. Бұл сыртқы тәртіптегі қатерлер мен қауіптер. Алайда аймақтағы жағдайға әсер ететін басқа ішкі факторлардың да әсері туралы ұмытпау керек. Біріншіден эксперттердің болжамдары бойынша нашарлай түсетін қиын экономикалық жағдай.

Азия даму банкі ЖІӨ төмендеуін 2016-2017 жж. келесідей көрсеткіштерде айқындайды: Қазақстанда – 0,7% және сәйкесінше 1%, Қырғызстанда - 1 және 2%, Тәжікістанда 3,8% және 4% дейін, Түркіменстанда 6,5% және 7%, Өзбекістанда 6,9% және 7,3% дейін. Экономиканың деградациясы –әлеуметтік жағдайдың нашарлауы үлкен қауіп болып табылады, оның нәтижесі қарсы тұру қозғалыстар, мемлекеттік төңкеріс, радикализация және исламдануға алып келуі мүмкін.    

                

-Сіз айтқан статистикаға қарасақ Қазақстанның экономикалық дамуы басқа мемлекеттермен салыстырғанда дұрыс көрінеді. Алайда IQ-Клубының отырысында эксперттер республикаға қатысты қауіп ретінде саяси факторларды – биліктің транзитін айқындаған болатын.

 

- Расында да Мемлекеттік билік жүйесі және биліктің транзиті Қазақстан үшін өзекті болып табылады.  

Бұл ретте таңдау сенімді және тексерілген ойыншыларға жасалынатынын нақты сеніммен айтуға болады. Соңғы кездегі Мәжіліс Парламентінің төрағасы ретінде Нурлан Нигматулинді, ал Президент әкімшілігінің басшысы ретінде Адильбек Джаксыбековты тағайындауы президенттің бұрыннан бір топта жүрген сенімді адамдарға таңдау жасайтындығын көруге болады. Бұл саяси элита шиеленіссіз жұмысқа, жұмсақ және жай транзитке бағытталады. Басқаша жағынан, мемлекетті басқаруға жаңа ұрпақты жұмылдыруы да көрінеді. Олардың ішінде ҚР инвестиция және даму министрі А. Исекешевті ауыстырған Ж. Касымбек, Ақтобенің жаңа әкімі Испанов. Осы сияқты қазіргі таңда билікке келіп жатқан жаңа ұрпақ өкілдері реформаларға және жағымды өзгерістерге бағытталған.

Сонымен қатар үшінші топ бар – олар «құпия» деструктивті күш болатын әртүрлі радикалды ағымдардың өкілдері. Жақында болған «жер дауы» атауымен белгілі оқиғалардың болуы да осы секілді күштерді елеусіз қалдыруға болмайтындықтың дәлелі болып табылады. Қазақстан үшін де экономикалық жағдайдың саяси тұрақтылыққа әсері өзекті екенін атап өту қажет. Еуразиялық экономикалық одақтың қызметінің басталуы қатысушы мемлекеттерге бірқатар саяси және макроэкономикалық сипаттағы себептердің әсерінен қиын кезеңге айналды. Бұл ең алдымен Қазақстан үшін де қатты әсер етті: 2013 ж. ЖІӨ 6% өсуінен кейін 2014 ж. бұл көрсеткіш 4% дейін төмендеді. Оның себебі мұнай және басқа да шикізат көздерінің өндірілуінің төмендеуі, сауданың жағымсыз болуы және тұтынуға деген сұраныстың азаюы. 2015 ж. ЕАЭҰ қызметі басталған кезінде республиканың ЖІӨ 1,2% деңгейінде болды. Сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық дамуына посткеңестік кеңістіктегі ҚР ең ірі сауда әріптесі ресей экономикасының бәсеңдеуі және рубль курсының төмендеуі әсер етті.

Қазіргі таңда ЕАЭҰ дамуы жолында Ресей және Қазақстан әрекеттерінің тиянақсыздығын және үйлестірілмегендігін атап өту қажет.

Бұл ресейдің ЕО қарсы санкцияларына Қазақстанның қосылмауында көрініс табады. Алайда, санкция кезеңінде ҚР экономикалық мүдделеріне шығын келтірген РФ кеденіндегі және басқа құрылымдарындағы орын алған жағдайлардың болғандығы белгілі.

Басқа мысал: 2015 ж. 18 ақпанында үкімет мүшелерімен өткен жиналыста Ресей президенті Владимир Путин Ресей Банкіне үкіметпен бірлесе отырып Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасын енгізу механизмін жасап және оны 2015 ж. қыркүйегіне дейін ұсынуды бұйырған болатын. В.Путиннің бұйрығы туралы хабарламасына Қазастанның ресми билік басындағы тұлғалар ешқандай жауап берген жоқ болатын. Осындай «келіспеушіліктердің» себебеінен Қазақстанда оппозиция тараптарының белсенденуі, оппозициялық жарияланымдардың және ұлттыұ-патритоттық күштердің көшбасшыларының сөздерінде антиресейлік риторика мен ЕАЭҰ сынау орын алды.

Орталық Азия форматына қайта орала отырып, жалпы аймақтағы Ресейдің саясаты фрагментарлы сипатқа ие екендігін атап өту қажет. Оны бір жүйеге келтіру үшін ЕО-тың Орталық Азияға арналған 2014-2020 жж. стратегиясы сияқты стратегияның жасалуы жөн.

 

-АҚШ президенттік сайлаудан кейін кез-келген аймақтың дамуына болжау жасау «Штат» факторынсыз мүмкін емес. Вашингтонның Орталық Азиядағы саясаты өзгереді ме?

 

- АҚШ Орталық Азиядағы саясаты бірқатар факторларға қатысты анықталды және анықталады: АҚШ-тың Ресеймен қатынастарының деңгейімен; Ауғаныстандағы миссияның аяқталуымен; НАТО кеңеюі мәселелерімен; энергетикалық статусымен; АҚШ-тың ҚХР, Иран, Түркия, Пәкістан және Үндістанмен қатынастарының өзгеруімен.

Орталық Азия аймағы АҚШ үшін бүкіл Азиядағы геосаяси мүдделерін сақтап тұру үшін қажет. Алайда, болашақта Вашингтонның аймақ ісіне қатысуын азайтуы және ОАА жағдайларға араласу деңгейін әлсіретуі туралы айтуға болады, бұл ең алдымен АҚШ-тың Ауғаныстаннан әскерлерін шығару мүмкіндігімен тікелей байланысты.

АҚШ демократизацияны аймақтағы саясаттың негізін қалаушы қағидасы ретінде қоймайтындықтарын нақты дәлелдеуге болады. Жалпы, АҚШ-тың аймақтағы қатты күшінің орнына ақылды күші келіп, басымдық саяси және экономикалық құралдарға, дипломатиялық, мәдени байланыстарға берілуде. Алайда АҚШ үшін аймақтағы энергия қорларын, атап айтқанда Таяу Шығыстағы шикізат қоры бойынша екінші орынды алатын Каспий бассейнін бақылауда ұстау маңызды болып табылады. Мұндай талпыныс тек қана өзінің ішкі қажетіліктерін толықтыру үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік держава статусын сақтау жолындағы жасалатын қадамдар болып табылады. Осы мақсаттардан шыға келе, АҚШ-тың Ресей және Қытай сияқты басқа ойыншылардың саясаттарын аймақта басқа Үндістан сияқты ойыншылардың саясаттарын қолдауынан көруге болады.