Ғалия Мовкебаева: «Еуразиялық сәйкестікті қалыптастырудың объективті алғышарттары бар»

Написал (ла) , 0 , Категории:
- Ғалия Ахметвалиевна, сіздің дөңгелек үстел отырысындағы, «еуразиялық сәйкестікті» қалыптастырудың алғышарттарын талдау туралы баяндамаңыз, резонанстық жұмыстардың бірі болды. Сондай-ақ, сіздің ұстанымыңызды барлық әрістестер қолдамағаның айта кету керек. Кейбір қатысушылар бұл идеяны мерзімінен бұрын, шынайы емес деп есептеді...

- Білесіз бе, әріптестермен талқылау барысында, сонымен бірге, форум аясында, бұл мәселе бойынша ұстанымдар мен тәсілдердің әр түрлі екендігі түсікті болды. Әсіресе, ол «еуразиялық сәйкестік» терминіне қатысты болды, дегенмен, Еуразия кеңістігінде терең гуманитарлық интеграциясының қажеттілігін және бұл фактордың мәнін ешкім теріске шығарып отырған жоқ. Алайда, өз ұстанымымды түсіндіру үшін, менің түсінігімдегі, бірегей еуразиялық «біз» үдерісін қалыптастыру мағынасын беретін, «еуразиялық сәйкестік» терминінен шегінуді сұраймын.
Иә, бұл үдеріс күрделі және көп қырлы. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мәдени, этникалық, азаматтық сәйкестігінің әр түрлілігімен күрделенеді, яғни, біз өз мемлекетіміз бен оның тілі және мәдениетімен идентификация басымдылығының айқын фактін байқаймыз. Бұл құбылыс табиғи және заңды.
Дегенмен, жаһандану жағдайында сәйкестілік «ұлттық тілектестік» деңгейінде ғана емес, сонымен қатар, ұжымдық сана деңгейінде де біріктіруші фактор рөлін атқара алады. Және оған да объективті алғышарттар бар.
Сәйкестікті қалыптастырудың негізгі үш параметрі бар – коммуникация, есте сақтау және тәжірибе. Олардың бәрі посткеңестік кеңістікте бар. Айта кету керек, еуропалық интеграция тәжірибесінде мұндай көрінбейді. Ол жерде бұл үш параметр жұмыс істемейді, себебі, біріншіден, Еуропа көптілді, екіншіден, еуропалықтарда жалпы есте сақтау жоқ немесе әр түрлі. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс туралы немістер мен француздардың есіндегі ақпараттар әр түрлі. Сонымен, үшінші параметр – тәжірибенің ортақтығы – бұл да қиын, себебі тәжірибе есте сақтау негізінде алынады.

- Яғни, бұл логика ұлттық өзін-өзі анықтауға қосымша «ұлтүстілік» ресурстың бар екенін білдіреді, сондықтан өзін-өзі анықтау деп атасақ? Бұл екі үдеріс бірін-бірі жоққа шығармайды, керісінше толықтырады ма?

- Өте дұрыс. Оған қоса, соңғы уақытта ұлттық өзін-өзі анықтау қағидаларының түзету үрдістері айқын орын алуда.
Атап айтқанда, Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының және басқа да тәуелсіз сараптамалық агенттіктердің мемлекетімізде жүргізген қоғамдық пікірдің соңғы зерттеулері, келесі мәліметтерді көрсетеді: Қазақстан халқының жартысынан көбі, жеке этнос өкілдері ретінде емес, 54%-ға жуығы өзін «қазақстандық» ретінде санайды. Басқаша айтқанда, өзін-өзі анықтау мемлекетке тиістілігіне қатысты орын алады, солай бол тұра, сен кімсің – қазақ, орыс, ұйғыр немесе өзбек, маңызды емес. Мен, мұндай үрдіс 140-тан астам ұлт пен көптеген дін өкілдері бар ел үшін, өте айқын және оптимистік деп ойлаймын. Көбінесе, осы үрдіс - ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу саласындағы, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету мемлекет саясатының нәтижесі.
Бұл үрдіске, еліміздің жоғары заң шығарушы органыңда өкілдігі және кең құзыреттілігі бар, Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, белгілі болғандай, 2014 жылдан бастап президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» - жалпы азаматтық бірігу жүйесінің негізі, инициативасы жүзеге асып жатыр.
Мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейтумен бірге, жалпы посткеңестік кеңістіктегі коммуникативтік құрал ретінде орыс тілінің сақталуын көздейтін, сонымен қатар, әлемдік қауымдастыққа Қазақстан азаматтарының табысты интеграциялану құралы – ағылшын тілі, республикадағы көптілдік бағдарламасы халықаралық сарапшылардың назарына түсті.
Білім беру жүйесіндегі соңғы реформалар, Қазақстан қоғамының эволюциясына, мемлекеттің тұрақты дамуына және оның халықаралық статусына көптілдікдің қажетті фактор екендігін, және де оны дерексіз емес, нақты бекіту шешімін қабылдауын дәлелдейді.
Көптеген дискуссиялар осы тақырыпта өтіп жатыр, себебі, қазіргі уақытта Қазақстанда экономикалық дағдарысқа байланысты бірнеше мәселелер бар. Алайда, бұл мәселелерді шешуге болады. Соның өзінде, олар үшін жас ұрпақты тәрбиелеу - басты тапсырма болып қалады.
- Бұл тапсырманы шешу үшін, сіздің ойыңызша, не қажет? Сонымен бірге, әңгімемізді жүргізіп отырған, еуразиялық сәйкестікті құру тұрғысында не қажет?

- Әрине, алдынғы айтылғандардан түсінікті: жалпы еуразиялық қызығушылықтар мен басымдылықтардың құрылуы экономика саласында ғана емес, сонымен бірге, саясатта да ұлттық мәдениеттердің әр түрлілігін ескере отырып, жалпы мәдени құндылықтар негізінде жүруі тиіс.
Келесі қағида – медиа-мәдени кеңістікті кезең-кезеңмен құру және интеграцияның интеллуализациясын жүзеге асыру.
Қоғамдық санада еуразиялық құндылықтарды Еуразиялық кеңістік елдерін біріктіруші негізі фундаменті екендігі болуы керек. Сондықтан, мәдениеттерді қарсыластырушы емес, өзара толықтырушы жалпы мәдени өнім жасау қажет. Және де бұл үдеріске жастарды тарту керек. Жаппай мәдениаралық коммуникация алаңын – еуразиялық диалогты жасау керек, оған қоса, қазіргі кездегі жұмыс жасап жатқан арналардың жетіспеушілігінен, жалпы ақпарат кеңістігін жасау керек.
Сонымен қатар, білім беру жүйесі мен оқыту саласында өзара қарым-қатынасты ұлғайтқан жөн.
Әрине, бүгінгі күні, посткеңестік кеңістік елдерінің жоғарғы оқу орындары арасында байланыс дамып келе жатыр, дегенмен, білім бағдарламаларын үйлестіріп, ЕАЭО-да дипломдарды қабылдаудың декларацияланған нормаларын жүзеге асыру қажет.
Біздің университетте, еурашылдық идеясының нағыз патриоты, еуразиялық интеграцияның дамуына көп үлес қосқан, Жарас Умарович Ибрашевтің арқасында, Еуразиялық зерттеулерді зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Оның мақсаттарының бірі - еуразиялық кеңістікте және ЕАЭО елдерінде еуразиялық зерттеулер кафедрасын ашу болып табылады. Қазірдің өзінде, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуразиялық интеграция қалыптастыру бойынша оқыту курсын жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларына енгізу керек.
Это вполне реальная инициатива, не требующая каких-то экстраординарных усилий и ресурсов. Бұл кезектен тыс күш пен ресурстарды талап етпейтін, нақты бастама болып табылады. Осы қызметтің басым бағыты жастарды ақпараттандыру және тәрбиелеу болуы тиіс. Өйткені, біздің ұрпақ өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар «кеңестік интеграция» жағдайында өсті. Бірақ, жастар үшін бұл біраз басқа міндет, сондықтан жас буын үшін Еуразиялық экономикалық одақ, еуразиялық өзіндік сана және патриотизм сияқты бірегей құндылықтар категорияларын жаңадан қалыптастыру керек. Бұл үдерісті әлеуметтік салада қажетті саясатсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен қатар, тарихқа, мәдениетке, гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты, еуразиялық мәндердің генерациясы бойынша интеллектуалды клубтар желісін жасау керек деп есептеймін. Жастардың ортақ тіл тауып, қақтығыспай, күреспей, бірге тұруын үйрету - жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдармен бірлесе жасалатын, зерттеушілер мен педагогтардың, бұл үдеріске елеулі үлес қосуы міндетті. Біздің елдеріміздің жетекші жоғары оқу орындарының тарапынан, осыған байланысты қарсы қозғалысы, өте тиімді болып табылады.
Және мұндай қозғалыс бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті мен Томск университеті арасында екіжақты білім беру бағдарламасы бойынша келісім жасалған. ШЫҰ университетінің бағдарламасы бойынша біріккен жобалар, сонымен бірге, МГИМО, РУДН, Кемер университеті және басқа да Ресейдің жоғарғы оқу орындарымен білім бағдарламаларды жүзере асырып жатырмыз. Осы жылы ҚазҰУ әлемнің ең жақсы топ 250 университеті тізіміне кірді, QS World University Rankings рейтингі бойынша 236-шы орынды иеленді. Айта керек керек, бұл топқа ТМД елдері ішінен тек екі жоғарғы оқу орны кірді, ол Ломоносов атындағы ММУ және ҚазҰУ.
- Сіздің сөздеріңізден кейін, Еуразиялық сәйкестіліктің негізгі көзі, білім беру және үкіметтік емес ұйымдардың деңгейінде гуманитарлық байланыстарды дамыту екендігі көрінеді. Олай болса, бұл үдерісте билік құрылымы қайда? Және олардың рөлі қандай?

- Мен әлі күнге дейін, бұл идеяның азаматтық қоғамнан шығуын қалаймын. Біз сәйкестілік жайында сөз қозғағанда, тақырыптың әдептілігін, сонымен қатар, этникалық, діни, азаматтық, ұжымдық сәйкестік факторларының әр деңгейлілігін ескеру қажет. Мұндай күрделі жүйені қабылдау үшін, дамыған азаматтық қоғам қажет. Мұнда биліктің нұсқаулары орынсыз және тиімсіз болып табылады.
Себебі, тағы қайталап айтайын, басты міндет жастарда. Бұл біздің болашағымыз.
Айтпақшы, біздің Саратовтағы кездесусияқты, ірі оқу орталықтардың негізінде өтетін дискуссияларға студенттер мен магистранттарды осындай эксперттік кездесулерге шару керек деп есептеймін. Бұл өткір мәселелердің конструктивті және жасампаздық түрде қалай талқыланатының көру, өте жақсы және айқын тәжірибе болып саналады. Жастардың белгілі мәселелер бойынша эксперттік бағалармен танысу ғана емес, сонымен қатар, бұл бағалар мен ұсыныстар шешім қабылдау деңгейіне жетіп, іс жүзінде жүзеге асуын көруі маңызды.
Менің ойымша, болашақта бұл үдерісте Еуразиялық экономикалық комиссияның қатысу орны қалыптасуы керек. Қазіргі уақытта, гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері оның құзыреттілігінен тыс екендігі түсікті, алайда, ұлтүстілік орган деңгейінде интеграцияны тереңдету процесінде, осы саладағы қызметін үйлестіру мәселесі аса маңызды болмақ.